2022 жылғы 26 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы әділет органдарының 30 жылдығына арналған «Әділет пен құқыққа қызмет етудің 30 жылдығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ZOOM платформасында онлайн форматта өткізуді жоспарлап отыр.