Филиал директоры - Нұрлан Қабылдаұлы Бәкенов
1963 жылы 21 тамызда Қарағанды қ. дүниеге келді.
1981 жылы Қарағанды дене тәрбиесі және спорт техникумын тәмамдады.
1983-1984 ж.ж. – «Қайрат» ЕСҰ БЖСМ жаттықтырушысы.
1984-1991 ж.ж. – «Қарағанды көмір» ҚӨБ қызметкері.
2000-2002 ж.ж. – «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Шаруашылық басқармасы» РМҚК Қарағанды филиалы директорының орынбасары.
2002-2006 ж.ж. – «ҚР ЗИ МТҚ» ЖАҚ Қарағанды филиалының директоры.
2009 жылдың ақпан айынан бастап ҚР ӘМ «РҚАО» РМК филиалы – Қарағанды аймақтық құқықтық ақпарат орталығының директоры қызметінде.
06.2019 – қазіргі уақытқа дейін ҚР ӘМ «ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиал директоры.
Екі ер баланы тәрбиелеп отыр.