Skip to main content

«Ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу әдістемесі» (әдістемелік құрал) басылымының анонсы

Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты (Лингвистика орталығы) «Ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу әдістемесі» атты жаңа басылымды ұсынады. Бұл – қазақ-орыс қостілді нормашығармашылық жағдайында нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуге арналған практикалық бағыттағы әдістемелік құрал (Астана, 2025). Басылым ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Ғылыми кеңесімен бекітілген (2025 жылғы 29 шілдедегі №3 хаттама), авторы – бас ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының кандидаты (PhD) Алтын Қуанышбекқызы Бақытжанова; ғылыми редакторы – Лингвистика орталығының басшысы, құқық ғылымдарының кандидаты (PhD), қауымдастырылған профессор Б.К. Сыздық; рецензенттер – Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің басшысы, құқық ғылымдарының кандидаты Д.А. Абдакимова және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Адами ресурстарды басқару институты директорының орынбасары, PhD С.А. Садуакасова.

Әдістемелік құрал қостілді лингвистикалық сараптаманың толық циклін: әдіснамалық проблеманы қоюдан бастап негізделген сараптама қорытындысын әзірлеуге дейін жүйелейді. 

Автор ұсынған және жүйелеген негізгі бөлімдер:

  • Қазақ және орыс тіліндегі нұсқалардың теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз ету әдістемесі: лексикалық-терминологиялық, грамматикалық-стилистикалық, семантикалық, техникалық және құқықтық-лингвистикалық деңгейлерде ғылыми сараптамалық талдау қағидаттары;
  • Алгоритмдер, чек-парақтар және ұсынымдар: типтік қателерді анықтау мен редакциялау, сараптамалық қорытындыны ресімдеу тәртібі;
  • Негізгі ұғымдардың глоссарийі: ғылыми лингвистикалық сараптама, құқықтық лингвистика және нормашығармашылық терминдері;
  • Заң техникасы нормаларын бұзудағы қателер типологиясы және оларды болдырмаудың құралдары;
  • НҚА жобаларындағы қателерді лингвистикалық сараптамалық талдау әдістемесі (қателердің түрлері мен деңгейлері бойынша);
  • Ғылыми лингвистикалық сараптаманың нормативтік-құқықтық базасы.

Әдістемелік құрал материалы ЗҚАИ Лингвистика орталығының практикасына сүйенеді: 2025 жылдың I жартыжылдығында 79 жоба қарастырылып, 13 799 қате анықталды; олар тілдік деңгейлер бойынша сарапталып талданды (оның ішінде 46,84 % — лексикалық, 28,80 % — грамматикалық, т.б.). Бұл статистика тәуекел үлгілеріне (паттерндеріне) және редакциялау басымдықтарына айналдырылып, сарапшылар мен әзірлеуші органдарға НҚА жобаларының лингвистикалық сапасын арттыруға және құқық қолдану кезінде құқықтық коллизиялар ықтималдығын азайтуға көмектеседі.

Кімге ұсынылады: лингвист-сарапшыларға, әзірлеуші органдардың мамандары мен заңгерлеріне, құқықтық мәтіндерді аударатын мамандарға, сондай-ақ заң және филология бағыттарындағы оқытушылар мен студенттерге – қысқасы, НҚА мен халықаралық шарттардың параллель мәтіндерінің лингвистикалық сапасы, құқықтық айқындық, терминологиялық біріздендіру және теңтүпнұсқалылығы үшін жауап беретін барша кәсіби аудиторияға.

Түсініктемені сатып алу мүмкіндіктері:

Осы әдістемелік құралды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алуға болады:

Жауапты тұлға – Бердиходжаева Динара Сайлауовна +77776147181, +7 7172 26 61 07

Электрондық поштасы: d.berdihodjaeva@zqai.kz

 

 

Сатып алу туралы қосымша түсініктемелер 

Әдістемелік құралдың бағасы – бар болғаны 6190 теңге.

Жеткізу бағаға кірмейді. Жеткізу құны бөлек есептеледі.

Сатып алу келесі жолдармен мүмкін (төлем шоты бойынша, шарт бойынша, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы келісім-шарт бойынша)

Төлем шоты бойынша сатып алу кезінде өзіңіздің реквизиттеріңіз бен байланыс мәліметтеріңізді жіберуіңізді сұраймыз.

 

Біздің байланыстарымыз:

010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15а.

Қабылдау: 26-61-22, 26-61-03

Канцелярия: 57-65-08, npa@zqai.kz

Техникалық қолдау: 57-24-96, zan.help@zqai.kz

Кітап беру пункті дүйсенбі-жұма сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

 

Halyk Bank мобильді қосымшасы арқылы төлем жасау бойынша қадамдық нұсқаулық

1. Құрылғыңызда Halyk Bank мобильді қосымшасын ашыңыз.

2. «Аударымдар» бөліміне кіріңіз.

3. «Қазақстан ішінде» бөлімшесін таңдаңыз.

4. «Шот нөмірі бойынша» тармағын таңдаңыз.

5. Алушының шот нөмірін енгізіңіз.

6. ЖСН/БСН енгізіңіз.

7. «Әрі қарай» түймесін басыңыз.

8. Алушының атауы автоматты түрде шығады – дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.

9. КБе өрісіне 16 мәнін енгізіңіз, 6 таңдаңыз.

10. КНП алаңына 890 деп жазыңыз (бөлім бойынша өзге төлемдер).

11. Төлем мақсаты өрісіне түсініктеме ретінде «Әдістемелік құрал» (немесе нұсқаулыққа сәйкес басқа атау) деп жазыңыз.

12. «Әрі қарай» түймесін басыңыз.

13. «Қайдан» бөлімінде төлем картасын таңдаңыз.

14. Төлем сомасын енгізіңіз: 6190 теңге.

15. «Әрі қарай» түймесін басыңыз.

16. Төлемді растаңыз — төлемді растау қадамы.

17. Төлем сәтті аяқталғаннан кейін түбіртекті сақтаңыз және бізге жіберіңіз.

 

Әдістемелік құралды алу кезінде егер оларды төлеуші өзі алмаса, тұлғаның сенімхаты және жеке куәлігінің көшірмесі болуы қажет.

 

Банк деректемелері:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК:

БСН 990540004034

Kбе 16

ЖСК KZ806010111000188627

БСК HSBKKZKX

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

КТС 890