
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты 2025 жылғы 1 мамырға дейінгі енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңға түсіндірме (Комментарий) дайындады.
Қарастырылып отырған заң – экстремизмге қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, Қазақстан Республикасының егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін қорғауды айқындайтын негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылады.
Аталған түсіндірме авторлық ұжыммен әзірленген, ол құқық қорғау және арнайы органдарда көпжылдық қызмет өтілі бар жетекші ғалымдар мен практиктерден құралған. Әрқайсысы тек жоғары білікті теоретик қана емес, тәжірибелі практикте болып табылады. Бұл еңбекке ғылыми тереңдік пен практикалық маңыздың ерекше үйлесімін береді.
Қазіргі қауіп-қатерлердің динамикасын және экстремистік қызметтің түрленуін ескере отырып, түсіндірменің маңызы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының тәуелсіз рецензенттері тарапынан жоғары бағаланды.
Түсіндірмеде қаралып отырған Заңда экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы қолдану кезінде бірыңғай түсіндіруді қамтамасыз ететін негізгі ұғымдар мен қағидалар берілген. Әрбір бапқа нақты түсіндірмелер, нормалардың дәлме-дәл талқылауы қамтылған.
Бұл түсіндірме қазіргі кезеңдегі экстремизмге қарсы іс-қимылдың барлық ерекшеліктерін түсінуге және оны кәсіби қызметте дұрыс қолдануға көмектеседі. Мәтіннің құрылымы мен баяндау стилі оны оқырмандардың кең ауқымы үшін қолжетімді етеді, ең алдымен арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, судьяларға, адвокаттарға, заң кеңесшілеріне, сондай-ақ заң жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған.
Түсініктемені сатып алу мүмкіндіктері:
Осы Түсініктемені Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алуға болады:
Жауапты тұлға - Нурдаулет Муратович Абдукадыров, 8707 805 25 92, +7 7172 26 61 31
Эл.пошта: the_daulet@mail.ru
Сатып алу туралы қосымша түсініктемелер
Бір дананың құны 6 990 теңге.
Жеткізу бағаға кірмейді. Жеткізу құны бөлек есептеледі.
Сатып алу келесі жолдармен мүмкін (төлем шоты бойынша, шарт бойынша, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы келісім-шарт бойынша)
Төлем шоты бойынша сатып алу кезінде өзіңіздің реквизиттеріңіз бен байланыс мәліметтеріңізді жіберуіңізді сұраймыз
Біздің байланыстарымыз:
010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15а.
Қабылдау: 26-61-22, 26-61-03
Канцелярия: 57-65-08, npa@zqai.kz
Техникалық қолдау: 57-24-96,
Кітап беру пункті дүйсенбі-жұма сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
Halyk Bank мобильді қосымшасы арқылы төлем жасау бойынша қадамдық нұсқаулық
1. Құрылғыңызда Halyk Bank мобильді қосымшасын ашыңыз.
2. «Аударымдар» бөліміне кіріңіз.
3. «Қазақстан ішінде» бөлімшесін таңдаңыз.
4. «Шот нөмірі бойынша» тармағын таңдаңыз.
5. Алушының шот нөмірін енгізіңіз.
6. ЖСН/БСН енгізіңіз.
7. «Әрі қарай» түймесін басыңыз.
8. Алушының атауы автоматты түрде шығады – дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
9. КБе өрісіне 16 мәнін енгізіңіз, 6 таңдаңыз.
10. КНП алаңына 890 деп жазыңыз (бөлім бойынша өзге төлемдер).
11. Төлем мақсаты өрісіне түсініктеме ретінде «ҚК» (немесе нұсқаулыққа сәйкес басқа атау) деп жазыңыз.
12. «Әрі қарай» түймесін басыңыз.
13. «Қайдан» бөлімінде төлем картасын таңдаңыз.
14. Төлем сомасын енгізіңіз: 6990 теңге.
15. «Әрі қарай» түймесін басыңыз.
16. Төлемді растаңыз — төлемді растау қадамы.
17. Төлем сәтті аяқталғаннан кейін түбіртекті сақтаңыз және бізге жіберіңіз.
Кітаптарды алу кезінде егер оларды төлеуші өзі алмаса, тұлғаның сенімхаты және жеке куәлігінің көшірмесі болуы қажет Банк деректемелері:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК:
БСН 990540004034
Kбе 16
ЖСК KZ806010111000188627
БСК HSBKKZKX
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
КТС 890
